Түркістан: Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» республикалық жобасының облыстық кезеңі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» республикалық жобасының облыстық кезеңі өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Республика күні ұлттық мерекесіне орай этнос жастары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңі өтті.

Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева байқаудың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жыл басынан бері бастау алған «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аудан, қалаларда 7 номинация бойынша өткізілді. Аталған байқаудың 5 сайысы бойынша үздік шыққан жеңімпаздар бүгінгі шарада марапатталды. Сондай-ақ 2 байқау бойынша үміткерлер облыстық кезеңде бақ сынасты.

Жас таланттардың шеберлігін шыңдаған байқауға өз саласының білгірлері, мәдениет, өнер саласының майталман мамандары қазылық етті. Әділқазылар мүшелері қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына, актерлік шеберлігіне, таңдап алынған шығарманың ерекшелігіне мән берді.

Байқауда қазылар қатарында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, әнші-компазитор Сауранбек Елеуов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері, компазитор Әлімбай Ботақараев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет саласының үздігі Аякөз Якуб және облыстық қоғамдық даму басқармасы ҚХА хатшылығы және этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің маманы Мадина Камеденова төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша «Жарқыра, жас дарын» байқауында кентаулық Венера Расулова топ жарса, ІІ орынды төлебилік Маржона Рафикжанова, ІІІ орынды түлкібастық Ағжа Агалы иеленді. Ал «Өнерлі өрге жүзер» байқауында өнер көрсеткен мақтааралдық Лабор Ибадуллаева жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Бұл сында саурандық Шахзод Рустамхан ІІ орынға, түлкібастық Гулназа Мирхамитова ІІІ орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың атынан Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...