Түркістан: Сарыағашта жастар арасында аудан әкімінің кубогы үшін зияткерлік сайыс өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сарыағашта жастар арасында аудан әкімінің кубогы үшін зияткерлік сайыс өтті

Жастар арасында аудан әкімі кубогы үшін «IQ BATTLE» зияткерлік сайыс өтті. Сайыста аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Білімділер сайысына аудан аумағындағы жастардан құралған 22 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тартысты әрі қызықты өткен білімділер сайысында жүлделі 3-орынды №4 мамандандырылған мектеп-интернатының «DDD Triple D» командасы иеленсе, 2-орынды Жартытөбе ауылдық округі Т.Оспанов атындағы жалпы орта мектебінің «Тамаша like» командасы иеленсе, ал 1-орынды «Аудан әкімінің кубогін» «Конина Power» командасы иеленіп, қанжығасына байлады. Сайыста «Жас Қазақ» командасы «Жеңіске деген жігер» номинациясын иеленсе, «Аймауытов қырандары» «Үздік киім үлгісі» номинациясын жеңіп алды. Барша қатысушы командаларға аудан әкімінің арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетсек, зияткерлік ойынның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ету.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...