Түркістан: Арыста 150 орындық жаңа білім ошағы ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Арыста 150 орындық жаңа білім ошағы ашылды

Арыс қаласына қарасты Онтам ауылында жеке инвестор есебінен 150 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұған дейін ауыл оқушылары көрші ауылдарға қатынап оқитын. Енді Онтамдық балалар заманауи білім ордасында білім алады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов пен ардагерлер кеңесі төрағасы Тәңірберген Әсіл мен ардагерлер, ата-аналар және тұрғындар қатысты.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі жаңа мектептің ауылға тек білім беріп қана қоймай, ауылдың әлеуметтік дамуына да серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп салып, ауылды дамытуға өз үлесін қосқан жеке инвесторға алғысын білдірді.

Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Онда кең әрі жарық оқу кабинеттері, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана, пәндік сыныптар, асхана мен демалыс аймақтары қарастырылған. Мектептің қауіпсіздігі де ерекше назарға алынып, бейнебақылау камералары мен өрт қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Оқушылардың демалыс және спортпен айналысуы үшін ашық спорт алаңдары да бар.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...