Түркістандық оқушылар халықаралық олимпиадада топ жарды

БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында «Genius Kids» орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Білім бәйгесіне әлемнің 12 мемлекетінен үздік оқушылар қатысты. Аталған олимпиадаға Түркістан облысы Жетісай ауданының “Smart English” орталығынан 14 оқушы қатысып, Франция, БАӘ, Ресей, Әзірбайжан, Бельгия сынды мемлекеттерден келген жастармен бақ сынасты.

Халықаралық деңгейде өткен байрақты білім бәсекесінде бақ сынаған Түркістан облысының білімді жастары топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Алмас Мұратов пен Аяна Мұратова, Нұрислам Жора, Асылзат Беркімбай — 1 орынға жайғасса, Мұхаммед Шалқаров, Мұстафа Болыс, Нәила Азимова — күміс жүлдені қоржынға салды. Ал, Мұхаммеджан Болыс, Санжар Әбдіғаппар, Мадияр Орынбай, Сезім Дүйсенбай, Әбілмансұр Жақсылық пен Кәусар Оспан үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ, жетісайлық Інжу Жандарбек халықаралық білім бәйгесінің “Супер чемпионы” атанды.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...