Түркістан: Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері 200-ге жуық ағаш отырғызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күнін» жас ағаш көшеттерін отырғызу шарасымен атап өтті.

Іс-шараға Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен оған қарасты «109 бірыңғай байланыс орталығының» 120 қызметкері қатысып, 200-ге жуық көшет отырғызды.

«Бұл бастама жүйелі түрде жалғасып, алдағы уақытта цифрландыру қызметкерлерінің аллеялары облысымыздың әрбір аймағында пайда болады», дейді басқарма басшысы Марат Айнабеков.

Бұл игі іс облыс орталығының экологиясын жақсартып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыратыруға оң ықпал етпек.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2024 жылдың 9 айында ақпарат және байланыс саласында көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 113,4%-ға артып, 7,4 миллиард теңгеге жетті. Ал салаға тартылған инвестиция көлемі 11 миллиард теңгені құрады. Бұл – облысымызда цифрлық инфрақұрылым дамуының көрсеткіші.

Келесі жылы Түркістан қаласында шетелдік IT компанияларымен бірлесіп Халықаралық технологиялық паркін, Корея университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр. Осы жобалар тарихы Түркістан өңірін Орталық Азияның заманауи инновациялық және технологиялық орталығына айналдыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...