Түркістан: Сайрамда «Эрудит» интеллектуалды ойыны өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сайрамда «Эрудит» интеллектуалды ойыны өтті

Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық «Эрудит» интеллектуалды ойыны өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев, Сайрам аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудан мәслихатының депутаттары Асанәлі Каримов мен Дархан Айдарханов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жобаның мақсаты – жастардың білімге құштарлығын оятып, ой-өрісін кеңейту, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара қарым-қатынас пен командалық жұмыстың маңыздылығын ұғындыру.

Интеллектуалды ойынға облыс аумағындағы аудан, қалалардан және аудандағы түрлі мекемелерден келген түрлі сала өкілдері мен жас еріктілерден құралған 15 команда қатысты.

Сайыс 5 кезеңнен тұрып, әр кезеңде қатысушылар тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрлер, логикалық тапсырмалар сияқты әртүрлі салалар бойынша сынға түсті.

Тартысты да, қызықты өткен сайыстың нәтижесінде 1-орынды Созақ ауданының «Теріскей» командасы иеленіп, 300 мың теңгені қанжылады. 2-орыннан сайыста бірдей ұпай жинаған облыстық «Жастар ресурстық орталығының» «Алаш» және Келес ауданының «Келес» командалары көрініп, 200 мың теңгені еншілесе, Сайрам ауданының «Бәйтерек» командасы 3-орынды місе тұтып, 100 мың теңге сыйақыға ие болды. Сондай-ақ «Үздік талпыныс» номинациясын Сарыағаш ауданының «Конина Power» командасы жеңіп алып, 50 мың теңгені иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

«Эрудит» ойыны облыстың білімді жастарын бір ортада жинап, олардың өзара достық қарым-қатынасын нығайтатын игі дәстүрге айналып отыр. Аталған бағыттағы іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...