Үкімет брифингі: білім және ғылым жүйесін жаңарту — Xnews — ақпарат агенттігі

Үкімет брифингі: білім және ғылым жүйесін жаңарту

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингке оқу-ағарту министрі мен ғылым және білім министрі қатысты.

Атап айтқанда, Ғани Бейсембаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, қай санаттағы балалардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіні жайында, «Всеобуч» қоры мен «Мектепке жол» акциясы аясында көмек қалай ұйымдастырылып жатқаны жөнінде және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтты.

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев мектептер құрылысы, сәйкесінше апатты және үш ауысымдағы білім беру мекемелері мәселелерін шешу туралы сұрақтарға жауап берді. Министрлік сыныпқа жетекшілік еткені үшін мұғалімдерге төленетін қосымша ақыларды қайта қарауды көздеп отыр. Қазіргі уақытта бюджетке талдау жасалып, бірқатар дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрі ҰБТ-да жоғары балл жинаған 10,6 мың талапкердің неге грант алмағанын түсіндірді. Оның айтуынша, 70%-ы мемлекет үшін басымдыққа ие емес мамандықтарды таңдаған. Яғни, оларға берілетін мемлекеттік тапсырыс өтініш берушілер санынан бірнеше есе аз.

Десе де Саясат Нұрбек 10 мыңға жуық қосымша грант бөлінетінін атап өтті: облыстық, университеттік, «Қазақстан халқына» қорынан және басқа да бірқатар гранттар. Ол аталған гранттарды бөлу механизмін түсіндірді.

Сондай-ақ министр Бірыңғай тестілеу форматының кезең-кезеңімен өзгертілетінін хабарлады. Бірінші кезекте, сұрақтардың сапасы болмақ. Екіншісі, тест нәтижелері сертификат ретінде беріліп, түлектер өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта тест тапсыра алады.

Дереккөз: primeminister.kz

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында солтүстік өңірлерге оқуға шақыру туры өтіп жатыр

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде 31 наурыз-23 сәуір аралағында «SERPIN WAY 2.0» жобасын таныстыру мақсатында арнайы тур өтіп жатыр. Петропавл қаласынан басталған ...

Түркістанда 2500 үміткер қатысқан «Al-Farabi» республикалық интеллектуалды ойынының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

Түркістан облысында республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Білімділер додасы Түркістан облысы қоғамдық даму ...