Шымкент: Тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету

Шымкент қаласының 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына атқарылатын дайындық жұмыстарының іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге дайындық барысы қазандықтар мен турбиналар бойынша:

«3-Энергоорталық» акционерлік қоғамы (ЖЭО-3) қысқы маусымға дайындық жұмыстарына 1074,89 млн. теңге қаржы қарастырылған, игерілгені 1032,65 млн. теңге (96%), жұмыстар жалғасуда.

Қаланың 26 бөлек орналасқан жылу қазандықтардан дайындалғаны 24 және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансалардан дайындалғаны 15, дайындық жұмыстары жалғасуда. Қаланың жалпы жылу желілерінің ұзындығы 838,6 км құрайды, оның тозығы жеткені 37%.

Бүгінгі күнге, барлық жылу желілеріне гидравликалық қысыммен тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, 136 ақау анықталды, оның 126-ы ретке келтірілді, қалған ақаулар қазан айының 1-не дейін толық ретке келтірілетін болады.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 4,0 млрд. теңгеге келесі жұмыстарды атқару жоспарланған. Атап айтқанда, 2,4 млрд. теңгеге 29,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «ТаразСтрой — 2004» ЖШС-і болып анықталып, жұмыстар жүргізілуде; Қазіргі таңда 25 км демонтаж жұмыстары жүргізілді, 14,5 км монтаж жұмыстары жүргізілді, жұмыстар жалғасуда. Көпқабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелердің дайындығы бойынша қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйлерден дайындалғаны 1806 үй (85,7%) және 463 бюджеттік мекемелерден дайындалғаны 463 мекеме (100%).

​Жалпы қаланың 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынған, апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Дереккөз: primeminister.kz

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...