Шымкентте үшкіл жүйке ауруына қарсы күрделі ота сәтті жасалуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте үшкіл жүйке ауруына қарсы күрделі ота сәтті жасалуда

Шымкент қалалық №2 ауруханасының білікті дәрігерлер құрамы үшкіл жүйке ауруын емдеуде күрделі ота жасап, науқастар аурудан құлан-таза айығуда.

Күні кеше күрделі ота дерт әбден жанына батқан 35 жастағы әйелге жасалып, сәтті өтті. Ота 4 сағатқа созылған. Науқастың жағдайы қазіргі таңда жақсы және өз тарапынан дәрігерлерге шексіз алғысын білдіреді.

Үшкіл нерв невралгиясына қарсы ота аталған ауруханада жыл басынан бері қолға алынған. Осы уақыт аралығында 20-дан астам адамға операция жасалған. Медициналық қызметтің жаңа мүмкіндіктерін көрсеткен емдеу тәсілі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылуда.

Аурухананың бас дәрігері Бахытжан Позиловтың айтуынша, дәрігерлер бүгінде бас-ми ісігі, бас-ми тамырларының аневризмасы, эпилепсия, паркинсон диагноздары қойылған науқастарға эндоваскулярлы ем-шаралармен қатар, күрделі нейрохирургиялық операция түрлерін сәтті жасауда. Мақсат — тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету және күрделі операцияларды жергілікті деңгейде қолжетімді ету.

Жалпы, жыл басынан бері Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда МӘМС есебінен 1000-нан астам жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілген. Ақ желеңділер диагностика жасауда сондай-ақ жасанды интелектінің де мүмкіндіктерін қолдануда.

#әмсқшымкент #мәмсшымкент

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...