Түркістанда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды (видео)

Түркістанда алғашқы «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Білім ұясы 2 мың оқушыға арналған. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.

Төртқабатты ғимарат Жаңа қала аумағында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Салтанатты ашылу рәсімінде аймақ басшысы Дархан Сатыбалды ұлттық жобаның өңірдегі апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін шешетінін жеткізді.

Дархан Сатыбалды, облыс әкімі:
— Саны жағынан ең көп «Жайлы мектептер» біздің Түркістан облысында салынып жатыр. Жалпы жоспармызда 63 осындай «Жайлы мектеппен» қамтамасыз ету. Қазіргі таңда 29 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, міне, 2 мың орындық ең үлкен мектептің біреуі іске асып отыр. Осы мектептен де ертеңгі күні Түркістан обылсының мақтаныштары шыға береді деп ойлаймын. Құтты болсын!

Мектептің физика, химия, биология кабинеттері заманауи оқу құралдармен жабдықталған. Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін спортзал, шеберлік кластары, зертханалар мен демалыс аймақтары бар. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Инклюзивті кабинеттер, пандустар, жеделсатылар орнатылды.

Нұргүл Фазылбекова, қала тұрғыны:
— 5-сыныпта қызым оқиды. Қызым 4 жыл бойы үздік оқып келген. Енді мына мектепте жан-жақты өзін дамытуына барлық жағдай жасалған. Керемет мектеп, спорт жайы да. Бірнеше түрлі үйірме, дыбыс жазу студиясы, би, хореография, робототехника – барлығына кабинеттер жабдықталған. Еліміздің ғалымдары осы мектептен шығады деп ойлаймын.

Жаңа мектепке 66 мұғалім ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданған. Оқушы санына қарай өзге де ұстаздар қабылданады. Балалардың қауіпсіздігі үшін оқу ғимаратының іші мен ауласы бейнебақылау камераларына қосылып, дабыл жүйесі енгізілген.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...