Түркістан әкімі жас мемлекттік қызметкерлермен кездесті

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында түркістандық жас мемлекеттік қызметкерлері мен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының арнайы кездесу жиыны өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлердің сауалдарына жауап берді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда өңірімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен меритоктария қағидасына аса үлкен мән беріліп келеді. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40 жас, еңбек өтілі 11 жылды құрап отыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастардың үлесі айтарлықтай күн сайын артып келеді.

Сондай-ақ, жиында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жастарға беретін мүмкіндігі мен «Өңірлік кадрлық саясат» бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, қалалық әкімдіктегі тәжірибе алмасу мүмкіндіктері мен жаңашылдықтар туралы айтылды.

x

Check Also

В Туркестане стартовал республиканский семинар по совершенствованию работы центров поддержки семьи

В Туркестанской области стартовал республиканский обучающий семинар для сотрудников центров поддержки семьи и мобильных групп. Семинар проводится по инициативе Министерства ...

Түркістанда отбасын қолдау орталықтарын жұмысын жетілдіру үшін республикалық семинар басталды

Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары қызметкерлері және мобильді топтар үшін республикалық оқыту-семинары басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстан бойынша ...