«Үлгердім»: полицей адам өмірін сақтап қалды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Үлгердім»: полицей адам өмірін сақтап қалды

Оқиға кеше түнде Шымкентте орын алды. Кездейсоқ куәгер полицияға көше қиылысындағы көпірден секіргелі жатқан қыз туралы хабарлады.

Аталған жерге бір жарым минут ішінде патрульдік инспектор Мейіржан Барат жетті.

Тәртіп сақшысы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды бірден ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.

-Қуанышқа орай, мен жақын жерде болдым. Үлгердім. Бұл менің міндетім,- деп қысқа қайырды офицер.

Қазіргі таңда тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...