Түркістанда «Sarap» эксперттер клубы талқылау өткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Sarap» эксперттер клубы талқылау өткізді

Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті.

Олар «Жолдау 2024: азаматтардың саяси қатысуы және әлеуметтік әділет» тақырыбында талқылау жасап, баяндама жасады. Іс-шараға Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев, Ядролық физика институтының Ғылыми хатшысы, PhD Асхат Бекбаев арнайы қатысты.

Одан бөлек, Түркістан қаласының мәслихат депутатары мен зиялы қауым өкілдері атом энергиясы мен экология саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия өкілдері болды. Іс шараға жиналғандар Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы азаматтардың белсенділігі және жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум жайын талқылап, өзара пікір алмасты. Кездесуге қатысқан көпшілік АЭС салу тақырыбына ерекше назар аударды. Шараға арнайы келген ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев аталған станцияның салынуы – ел ертеңі үшін аса маңызды қадам екенін айтып, референдумға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. Жиын соңында, эксперттік талқылау болып, жергілікті халықтың сұрақтарына жауап берілді.

Еске салайық, Sarap» эксперттік клубы – елдегі қоғамдық саяси, әлеуметтік-экономикалық даму барысын талдап, таразылап отыру, жаңа идеялар ұсынып, халықтың сұрағына ашық жауап қататын алаң ретінде «Қазақстандық қоғамдық даму институты» бастамасымен 2022 жылы құрылған болатын. Аталмыш клуб жаңа саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудың ықтимал салдарын зерттеумен айналысады. Саяси жүйені қозғалысқа келтіретін механизмдерді ұсынып отырады; қоғам мен билік арасында сенім мен диалог орнауына дәнекер қызметін атқарады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...