Түркістан – болашақтың қаласы — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан – болашақтың қаласы

Құрметті түркістандықтар! Сіздерді ата-бабамыздың киелі мекені, рухани астанамыз Түркістан қаласының қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Түркістан – еліміздің тарихи және мәдени мұрасының асыл қазынасы, көне дәуірлерден сыр шертіп, бүгінгі таңда заманауи жаңғырудың үлгісіне айналған қала.

Бұл мереке әрқайсымыз үшін ерекше, себебі Түркістан тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани орталығы болып табылады. Қала жыл санап жаңарып, көркейіп, жаңа жетістіктерге жетуде. Түркістанның болашағы жарқын болсын! Түркістан – жастардың қаласы. Бүгінде күннен күнге көркейіп, игі бастамаларға мүмкіндік сыйлайтын бұл қалада жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне арналған мәдени және спорттық нысандар көбейіп келеді. Түрлі шығармашылық үйірмелер, спорт кешендері мен демалыс орындары жастардың дамуына үлес қосып, дене шынықтыру мен өнерге бейімделуге мүмкіндік береді. Жастардың көшбасшылық қасиет-терін дамыту және олардың белсен-ділігін арттыру – Түркістанның стратегиялық басым бағыттарының бірі. Қала тек тарихи орталық емес, жастардың армандарын жүзеге асыратын, олардың мүмкіндіктерін кеңейтетін заманауи қалаға айналып келеді. Осылайша, Түркістан өзінің ежелгі рухани мұрасын сақтай отырып, жастарға арналған білім, мәдениет, инновациялар және кәсіпкерлік орталығы ретінде гүлденуде. Түркістанның келешегі – жастардың қолында!

Түркістан – өткені бай, болашағы жарқын қала. Ол Қазақстанның рухани және мәдени орталығы ғана емес, сонымен қатар заман талабына сай дамып келе жатқан экономикалық және туристік орда. Қала өз тарихи тамырын сақтай отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өңірдің және еліміздің өркендеуіне үлес қосуда. Түркістанымыз гүлдене берсін, мерейі үстем болсын!

Ақторе Қайрат,
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің «БАҚ пен қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...