Түркістан – қайта өрлеу мен жаңғырудың тоғысқан ордасы — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан – қайта өрлеу мен жаңғырудың тоғысқан ордасы

Құрметті түркістандықтар! Еңсесі биік егемендігіміз бен тұғырлы Тәуелсіздігіміздің арқасында бүкіл әлемге әйгілі болып отырған қазағымның Ұлттық мерекесі – Республика күнімен және осы мерекемен тұспа-тұс келіп отырған киелі Түркістан қаласының күнімен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан алты жыл алдын, Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алған болса, бүгіндері жаңаша келбетте, жаңаша нақышта кербезденіп келеді. Ендігі басты міндет – Түркістанды өзінің тарихи орнына сәйкес биікке көтеру. Кешегі айдай әлемге әйгілі болған Елордамыздан кейін бүгінгі Түркістанға ерекше көңіл бөлінуі − ұлт келешегі алдына қойылып отырған үлкен меже деп санаймын. Түптеп келгенде, осы айтып отырған Түркістан қаласы берісі қазақтың, арысы күллі түркінің қайта өрлеуінің, қайта дәуірлеуінің, қайта жаңғыруының айқын мысалы десе де болады. Себебі, халықты ояту үшін, тарихты ояту керек. Ата-бабаларымыз қанымен де, жанымен де қорғап, бізге аманат еткен кең байтақ жерімізді сүю, оны сақтау – әрқайсысымыздың міндетіміз бен парызымыз екендігін жадымыздан шығармауымыз керек.

Өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы алдымызға қойып отырған биік мақсаттары-мызға жету үшін жаңарған Қазақстанда ойы ұшқыр, білімді, білікті, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды патриот және бәсекеге қабілетті азаматтарымыз көбейсін! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып, Әнұранымыз шарықтап, Елтаңбамыз жарқырап,Көк туымыз көгілдір аспанда мәңгі желбіреп жанымызға қуат бере берсін!

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
Түркістан қаласының Құрметті азаматы,
Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...