Түркістандағы Күлтөбе қалашығы жүзжылдықтарға жетелейтін туристік нысанға айналады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандағы Күлтөбе қалашығы жүзжылдықтарға жетелейтін туристік нысанға айналады

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» атты ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары кезекті рет пысықталды. Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған-ды. Жұмыстар ЮНЕСКО-ның қатаң талаптарына сай жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жобаны жалғастыру бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға өз ұсыныстарын енгізген компания өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында Күлтөбе қалашығы маңынан заманауи туристік нысандар салу, Қаңлы дәуірінен сыр шертетін ескерткіштер мен жәдігерлерді жұртшылық назарына ұсыну мәселесі талқыланды.

Дархан Сатыбалды бұл туристік нысан жалпы саяхатшылар үшін де, балалар үшін де тартымды әрі мағыналы болуы керектігін ескертті. Тарихшылармен, археологтармен ақылдаса отырып жұмыс жүргізуді тапсырды.

Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынады. 3D форматының жетістіктері қолданылады. Нысан түнде жарқырап, ою-өрнектермен безендіріледі деп күтілуде. Қаңлы дәуірі, Ахмет Ясауи заманы, Қазақ хандығы кезеңі және өзге де тарихи жүзжылдықтарға қатысты деректер түрлі тәсілде ұсынылып, саяхатшыларға қазақ тарихы таныстырылмақ.

Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Осы маңнан табылған археологиялық жәдігерлер туралы да мағлұмат беріліп, қазақ мәдениетінен, қолөнерінен сыр шертетін дүниелер жұртшылық назарына ұсынылады деп күтіліп отыр. Жобаны зерделеу, толықтыру жұмысы жалғасады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...