Түркістанда «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасы аясында оқыту семинары өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасы аясында оқыту семинары өтті

Қазақстанда 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның, сонымен қатар ИСЕСКО қолдауымен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен ЮНЕСКО арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасы іске қосылды. Аталған жобаға сәйкес, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық ХҚТУ-да маңызды кездесу өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Түркістан өңірінің білім саласының өкілдері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, спорт саласының қызметкерлері, спорт мамандығында оқитын студенттер қатысты. Кездесуді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко жүргізіп отырды. Жиында дене шынықтыру пәнін сапалы өткізу, оқушыларға қолайлы жағдай жасау жолдары айтылды.

Маңызды кездесуде «Сапалы дене тәрбиесі: инклюзивті оқыту және ЮНЕСКО-ныі дене тәрбиесіндегі гендерлік теңдік принциптері», «Қазақстандағы дене тәрбиесі: жағдайы, мәселелері, тиімділігін арттыру жолдары» және өзге де тақырыптар бойынша баяндамалар оқылып, ұстаздарға кеңес берілді.

Айта кетейік, «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы серіктес атанды. Жоба ұлт денсаулығын нығайтуға және жастар арасында дене шынықтыруды дамыту үшін маңызды қадамға айналған сапалы дене тәрбиесі (СДТ) қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған. Бастама аясында «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саласындағы талдау» талдамалық есебі дайындалып, «Қазақстандағы сапалы дене тәрбие саясаты» әзірленді. Сондай-ақ еліміздің бес ірі қаласында 500-ден астам дене шынықтыру мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Түркістан төріндегі кездесуді Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мен ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы және ИСЕСКО бірлесіп өткізді.

ЮНЕСКО халықаралық стандарттарды әзірлеумен және басшылық жасаумен, педагогтар үшін оқыту курстарын іске асырумен, сондай-ақ ұлттық оқу бағдарламаларын қалыптастырумен айналысады. Ұйымның халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікке белсенді қатысуы дене тәрбиесі саласындағы үздік тәжірибелер және зерттеулермен алмасуға ықпал етеді. Жергілікті және жаһандық деңгейде мұндай қолдау әрбір баланың, оқушының сапалы дене тәрбиесіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді деп күтіліп отыр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...