Түркістанда халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалі басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалі басталды

Түркістанда әлем әншілерінің назарын аудартқан ғажап үн, талайды тамсандырған Тұран дауысы қайта оралды. Бүгін «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалі басталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған ән байқауына Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Армения, Кипр, Түркия, Болгария, Косово, Индонезия, Испания, Куба, Венесуэла елдерінен халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар 16 үміткер қатысып жатыр. Байқау шартына сәйкес бүгін еліміздің өнер шеберлерімен бірге дуэт орындады. Ал ертең өз таңдауындағы қазақ әнін шырқайды.

Жобаның бас продюсері – Мейіржан Алиакбаров. Бағы мен бабы қатар шапқан шын таланттарды шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлер бар кәсіби қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған фестиваль мақсаты – төл музыканы, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын, қазақ тілін насихаттау. Ән арқылы әлемге халқымыздың музыка мәдениетінің сан алуандылығын паш ету. Ұлы Дала елінде туындаған шығармаларда айқын сақталған музыкалық ерекшеліктерді көрсету. Түркі әлімнің рухани астанасы – киелі Түркістанды насихаттау. Екі күн бойы қазақ әндерін әуелете шырқап, бақ сынаған қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталмақ.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...