Түркістанда 100 түп ағаш отырғызылды

Бүгін Республика күніне орай қаламызда 100 түп ағаш отырғызылды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала өкілдері мен қала тұрғындары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Орталық мешіт ауласына, «Керуен сарай» маңындағы «Арена» алды мен туризим университетінің жанына сәндік ағаштар, бозарша, қарағаш, шаған, үйеңкі, сынды ағаш түрлері отырғызылды.

Игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі Дархан Сатыбалды көппен бірге ағаш көшеттерін егіп, ағаш отырғызу – экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосу керектігін жеткізді.

Осыған дейін облыс әкімінің тапсырмасымен елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген болатын.

Бүгінде Түркістанды көгалдандыруда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...