Салғырттық танытқандарға сай шара қабылданады — Xnews — ақпарат агенттігі

Салғырттық танытқандарға сай шара қабылданады

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары, дербес сала өкілдері және полиция басшылығы мен кірістер басқармасы, ветеринария бөлімі қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Мәжілістің күн тәртібінде хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, халықпен кездесуде көтерілген мәселелер мен 1310 және 109 байланыс орталықтарына түскен өтініштердің орындалуы, сондай-ақ, берілген тапсырмаларды орындау бойынша анықталған кемшіліктер баяндалды.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тапсырмалардың орындалуы бойыша бірқатар нысандарды аралау нәтижесінде және халықпен кездесулерде берілген уәделердің орындалмай, салғырттық танытқандары үшін бірқатар сала басшыларына қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының ұсынысын ескермей, жауапкершілік танытпағаны үшін кейбір басшылардың жұмысын тергеп-тексеруге жолдап, қызметінен шеттетуді тапсырды.

«- Әріптестер, барлығымыздың халық алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Айтылған тапсырма дер кезінде орындалуы керек. Сәйкесінше әрбір атқарылып жатқан жұмыстың сапасы қатаң бақылауда болуы тиіс. Мердігер компанияларлар өткізген үйлердің, нысандардың сапасына толық жауап беріп, айтқызбай қамтамасыз етуі тиіс. Егер жұмыстар талапқа сай жүргізілмесе, тиісті шара қабылдаңыздар. Біреудің жауапсыздығы үшін халық шырылдамауы керек.»- деп атап өтті.

Сондай-ақ, қала әкімінің жеке қабылдауына әдеттен тыс көп жазылушылардың болуына байланысты, сала басшыларының жұмысын бағалап, тұрғындармен тығыз жұмыс жасауды тапсырды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...