Түркістан облысында Отан қорғаушылар күні 200-ге жуық сәби дүниеге келді

Түркістан облысында Отан қорғаушылар мерекесі күні 182 сәби дүниеге келді. Соның ішінде 88 ұл бала болса, 94 қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Сондай-ақ, бір егіз бала дүние есігін ашты.

Айта кетейік, мереке күндерінде кезекші ауысымда нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын атқарды.

Жалпы, жыл басынан бері бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал, сәби өлімі 27,7 пайызға азайған. Осы орайда, ана мен бала саулығын сақтау бағытында іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек.

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Жыл басынан бері мұнда 20 мыңнан астам сәби дүниге келді.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бір жылда 154 жоба жүзеге асырылды

Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандармен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2024 жылы «Ауыл ...

Республика бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнімнің 13 пайызы Түркістан облысына тиесілі

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтіледі. ...