Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар азаматтар жасаған қолөнер туындылары көпшіліктің назарына ұсынылды

Қазан айының соңғы жексенбісі – елімізде әлеуметтік сала қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы айтулы күнге орай, Шымкент қаласының Арбат алаңында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының ерекше көрмесі өтті.

Көрмеде арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар – мүгедектігі бар қарттар мен балалардың әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп жасаған туындылары қойылды. Түрлі-түсті, қарапайым заттардан жасалған, ерекше қолөнер бұйымдары көрмеге келген көпшіліктің көзін қызықтырды. Қала тұрғындары кілемдер, қолдан жасалған әшекей бұйымдар, ағаш пен керамикалық ыдыстар, күміс пен тастан жасалған заманауи әшекейлер және ойыншықтарды тамашалап, үлкен қызығушылық танытты.

– Әлеуметтік қызметкер болу – жай ғана кәсіп емес, ол адам жанына үңіле алатын, жүрегі мейірімге толы жандардың мамандығы. Олар қарттарға қолдау көрсетіп, ерекше жандарға қамқорлық жасайтын бағасы өлшеусіз көмекшілер. Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні ретінде аталып өтеді. Осы мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз. Қалада 17 орталық бар, сол орталықтардағы қызмет алушыларымыздың еңбектерін қала тұрғындарына таныстыруды жөн көрдік, – деді басқарма басшысы Жанат Өтебаева.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 17 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2000-ға жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға денсаулығын қалпына келтіруге, еңбекке бейімделуге және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Шымкенттегі әлеуметтік орталықтардың жұмысы бүгінде басқа өңірлерге үлгі болуда.

x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...