Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды

Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады. Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі.

Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады. Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады.

Жоба инвестициясы 5 млрд теңгені құрады, бас демеушісі-Hexo Foundation. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған, барлық жұмыстар тек бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі. Осы жылдың көктемінен бастап полигонда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 250 000 текше метр топырақ төселді, тереңдігі 120 метр бес ұңғыма бұрғыланды, жоспарланған 3000-нан 500 метр қоршау орнатылды.

Журналистермен кездесуде саябақтың атауы таңдалып, қала әкімінің тарапынан қолдау тапты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...