Шымкент: Тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келді

Шымкент қаласында тұрғында АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Мұны тұрғындардың референдум учаскелеріне ұлттық киімдер киіп келуінен байқауға болады.

Шымкент қаласының халқы ұлттық салт-дәстүрге берік екенін референдум күні тағы бір рет дәлелдеді. Атап айтқанда, Түркістан сарайы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан референдум учаскелеріне бір топ тұрғындар ұлттық киімдерімен келді.

«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін учаскеге келдік», — дейді олар.

Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. Қалада 18 жасқа толған 660 563 тұрғыны дауыс беруге құқылы.

Шымкентте референдум үшін барлығы 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...