Референдум: Түркістан облысының ең қарт тұрғыны таңдау жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Түркістан облысының ең қарт тұрғыны таңдау жасады

Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округіне қарасты Қ.Сәтпаев елді мекенінің тұрғыны, Түркістан облысының ең қарт дауыс берушісі 110 жастағы Унгай Бегбаева да өз таңдауын жасады.

Тың игеруге қатысып, екінші дүниежүзілік соғыста майдандағы жауынгерлерге қолынан келгенше көмек берген әжей соғыстан кейінгі жылдары ауылды қалпына келтіру ісіне атсалысқан.

1914 жылы Тәжікстан Республикасының Қорғантөбе облысында дүниеге келген Унгай Бегбаева әжей бүгінде 110 жаста. 5 перзентінен 14 немере мен 30 шөбере сүйіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...