Шымкент жастары референдумға орай ұйымдастырылған «Біз өркендеген ел үшін» акциясына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент жастары референдумға орай ұйымдастырылған «Біз өркендеген ел үшін» акциясына қатысты

Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жастар жағы да қарқынды түрде үлес қосуда. Олар республикалық референдум аясында ұйымдастырылған «Біз өркендеген ел үшін» акциясына қатысты. Олар «Арбат» демалыс аймағында жиналып, белсенділіктерін көрсетті. Қаланың әртүрлі аймақтарында да дәл осындай жастар акциясы ұйымдастырылған.

—Қала жастары референдумға келіп өз дауыстарымызды берудеміз. Тек таңдау жасап қана қоймай, акцияларға қатысудамыз. Өйткені, қала тұрғындары, кейінгі буын өкілдеріне біз үлгіміз. Жастар үнемі қозғалыста. Даму үстінде. Сол сияқты елімізде оң шешімдерді қабылдап өсуі тиіс. Бүгінгі референдум, болашаққа жасалған ең дұрыс шешімнің бірі деп білемін,-дейді шымкенттік жас Толғанай Әділхан.

«Арбат» демалыс аймағында 20 -ға жуық жастар жиналып, көк туды мақтанышпен көкке көтеріп жүрді. Бұл көрініс қала тұрғындарының көңілінен шықты.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...