Түркістан облысы: Дауыс беру учаскелерінде арнайы фотоаймақтар орнатылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы: Дауыс беру учаскелерінде арнайы фотоаймақтар орнатылды

Жалпыхалықтық референдум күні Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелерінде келушілер үшін арнайы фотоаймақтар орнатылды. Фотоаймақта саяси науқанға келген азаматтар өз таңдауларын жасағаннан кейін естелік суретке түсуге болады.

Саяси науқан аясында дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша учаскелерде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...