Шымкент: Референдум учаскелерінде ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Референдум учаскелерінде ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылуда

Шымкент қаласында референдумға келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар референдум учаскелерінде тұрғындар арасында әртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

Шымкент қаласының Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионында №90 референдум учаскесі орналасқан. Мұнда таңертеңнен бастап дауыс беруге келген азаматтардың легі толассыз жалғасып жатыр. Мұнда келген азаматтар гір тасын көтеру, асық ату секілді ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.

Тап осындай сайыстар Әлия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінде орналасқан №326 сайлау учаскесінде де ұйымдастырды. Бұл учаскеде негізінен Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданының тұрғындары тіркелген. Тұрғындар дауыс беруге көтеріңкі көңіл-күймен келіп, ұлттық ойындар бойынша сайыстарға белсенді түрде қатысты. Ұйымдастырушылар спорттық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...