Халық шешіміне алдын-ала ешкім кесім айтпайды

Шымкент қаласында саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер халықты АЭС-ті қолдауға жұмылдыру мақсатында халықтық штаб құрған болатын.

Осыған байланысты «AMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы ретінде Жолдауда айтылған басымдықтардың маңыздылығына тоқталмай кете алмаймыз. Әсіресе, тезистердің ішінде АЭС салу бойынша референдум уақытының белгіленуі де маңызды жаңалық.

Десе де, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін АЭС салу арқылы шешудің дұрыс-бұрысын ғалымдар мен сарапшылар соңғы бір жыл бойы қызу талқылап келді. Электр энергиясын тұтыну қарқыны жыл сайын 3 пайызға артып келе жатыр. Алдағы 10 жылда энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетуі мүмкін. Жылдан жылға өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға кері әсер етіп, экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды.Осы мәселені түбегейлі шешу үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек, «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін энергияның бірден-бір көзі – АЭС. Бұл елдің интеллектуалдық әлеуетін, деңгейін көтереді. АЭС-ті пайдалану – ғылымды дамытуға ерекше үлес қосады, жас ғалымдардың атом саласына деген қызығушылығын оятады. Экономика дамып, инфрақұрылым мәселесі шешіліп, өнеркәсіп орындары ашылады» деген ғалымдардың пікірін жоққа шығаруға болмайды. Қалай айтсақ та, болашақтың энергиясы – отын жағатын энергия емес, балама энергия көздері мен АЭС болып қала бермек. Халық шешіміне ешкім алдын ала кесім айтпайды. Президент жолға қойған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзіндегі көрінісі референдумға белсенді қатысып, дұрыс шешім қабылдаудың маңызы зор және оның ел болашағына әсері мол болмақ.

Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ.
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...