Шымкент қаласының №20 ауыр атлетикадан ОРМБЖСМ КММ де АЭС салу бойынша кездесу өтті.
⠀
Жиынға барлығы 60 -қа жуық адам қатысты. АЭС салу еліміз үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ.⠀Сондықтан, 6-қазан күні өтетін жалқы халықтық референдумға жаппай қатысу керектігі айтылды.
⠀
№2 қалалық емханасының бас дәрігері, ШҚ мәсілихатының депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының мүшесі Бақытжан Позилов АЭС -тің медицина саласында да керектігін айтты.
⠀
— Дәрігер ретінде айтарым қазіргі таңда медицина саласында бүкіл аппараттар электр қуатына тәуелді, зерттеу жұмыстарын электр қуатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екенін жақсы білесіздер. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет деп есептеймін. Шымкент қаласы үшінші мегаполис болғанына да бірнеше жылдар өтті. Бізде онкологиялық ауруларды анықтайтын аппарат жоқ, себебі ол аппартты орнатайын десек үлкен электр қуатын талап етеді. Электр қуатымыздың жетіспеуіне байланысты бұл аппаратты орната алмадық және тұрғындарымыз тексерілу үшін Асатан, Алматы қалаларына немесе көрші Өзбекстан елінің Ташкент қаласына баруға мәжбүр болып отыр. Біз электр қуатына да үлкен қаржы төлейміз, егер өзімізде атом электр станциясы салынса эколкогиялық таза қуатқа қол жеткізер едік. Дәрігер ретінде айтарым АЭС азаматтардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Сіздерді 2024 жылдың 06 қазанында өтетін мемлекеттік маңызы бар АЭС салу бойынша референдумға қатысуға шақырамын,-деді Бақытжан Позилов.
⠀
М.Әуезов атындағы ОҚУ PhD докторы, энергетика саласының маманы Нұрсұлтан Файз да өз ойын ортаға салды. Ол өз сөзінде халық арасында тарап жүрген дұрыс емес, жалған ақпараттарға⠀сенбеуге шақырды.
⠀
-⠀АЭС салу бойынша халық арасында зиян екен, қауіптілік жоғары деген жаңсақ пікір қалыптасып отыр. Осыған орай айтарым бұған дейінгі АЭС 2-ші деңгеймен салынса, қазіргі таңда біздің елде салынантын АЭС 3+ яғни, төртінші деңгейде салынады. Бұл дегеніміз қауіптілік деңгейі 0 пайыз яғни қауіпсіз деп айта аламын. АЭС салумен әлем бойынша Ресей, Корея, Франция елдері айналысады. Қай ел салатыны болашақтың еншісінде. Біз қазіргі таңда электр энергиясын көрші елден алып отырмыз, ол электр желілерінің сапасының төмен болуына байланысты адам денсаулығына орасан зиянын келтіреді. Өз елімзден электр қуатын өндіру экологиялық таза және адам денсаулығына зияны жоқ деп айта аламын,-дейді Нұрсұлтан Файз
⠀
АЭС салыну дегеніміз бұл біздің электр қуатымызды арттыру, ешкімге тәуелді болмау және жұмыс көздерінің ашылуы деп түсінуге болады. Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарында сала мамандарын дайындау үшін ядролық физика бойынша студенттер білім алуда.