Өмірін кітапханаға арнаған еңбек адамы

Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған, қоғамның дамуына, жастардың білімді болып қалыптасуына өз үлесін қосқан кітапханашылардың бірі — сарыағаштық Гүлсара Көбенова. Кітапханаға жаны құмар жан еңбек жолын 1973 жылы Құркелес ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастаған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қырық жылын ауылдық кітапхананың өсіп-өркендеуіне арнаған Гүлсара апамыз 2012 жылы абыроймен зейнетке шыққан. Өз ісінің маманы қызмет жолында ауыл әкімдерімен, зиялы қауым өкілдерімен де тығыз жұмыс істеген. Өз ісіне адал еңбекқор жан 2 рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.

Өз ісінің майталманы атанған кейіпкеріміздің ұлы Өміржан Қарабасов та ана жолын қуып, өмірін кітапханашылыққа арнаған. Кітапханашылар сан түрлі кітапты күтіп-баптап ғана қоймай, көңіліне тоқып, сол алған білімін оқырмандарға ұсынып, жеткізетін мамандық иелері. Бүгінде Өміржан Рахымқұлұлының жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, оқуға көз-қарасын оятып, қызығушылығын арттыруға, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсетуде беделді қызметтер атқарып келеді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...