Түркістан облысында заңсыз 13 ойын залының жұмысы тоқтатылды

2024 жылдың 9 айында департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесіне қарсы 10 қылмыстық іс тіркеліп, 13 заңсыз ойын залының жұмысы тоқтатылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 2 заңсыз онлайн ойыны және 500-ге жуық заңсыз ойын сайттары бұғатталды. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Диас Сүлейменов мәлімдеді.

«2023-2024 жылдары аралығында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардан жалпы құны 63 667 965 теңгені құрайтын 4 жылжымайтын мүлік пен 5 автокөлік тәркіленді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырушыларды құқықтық жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігіне хабарлама жіберілді. Өңір азаматтары заңсыз ойын залдары мен казино ойынханасын көрген жағдайда «Telegramm» әлеуметтік желісіндегі арнайы «АФМ insider» чаты арқылы анонимді арыз-өтініш тастай алады. Түркістан облысы аумағында заңсыз ойын бизнесімен күресу және жолын кесу үшін облыстағы құқық қорғау органдары және жергілікті билік органдарымен, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, ауыл билерімен өңірдегі тұрғындарымен бірге тұрақты жұмыстар жүргізілуде»-деді спикер.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...