«Мөлдір бұлақ»: Саурандықтар Қарашық өзенінің бойын тазалады

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды. Апталық аясында аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері Қарашық өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тазалық жұмыстары ерекше сайыс түрінде ұйымдастырылып, белсенділер 3 топқа бөлінді. Арнайы қапшықтарға қоқыс қалдықтарын жинау арқылы, ең көп салмақ жинаған құрама жеңіске жететіндігін мәлімдеді.

Тазалық жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ербол Ұласбекұлы мен облыстық мәслихат депутаттары Баймахан Тоймаханұлы мен Жанар Амангелдіқызы арнайы қатысып, ерікті жастармен бірге тазалық жұмыстарын атқарды.

Оранғай ауылдық округінен өтетін 22 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойын тазалау жұмыстарына 100-ге жуық адам қатысты. «Таза табиғат», «Таза Қазақстан» және «Киелі мекен – Сауран» командалары үздік нәтижелерге қол жеткізіп, арнайы алғыс хаттармен марапатталды, сыйлықтар табыс етілді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...