Сауран ауданында биыл 30-ға жуық көшеге асфальт төселеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданында биыл 30-ға жуық көшеге асфальт төселеді

Биыл «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Сауран ауданындағы 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт төселмек,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде жыл соңында аудандағы қанағаттанарлық жолдардың сапасы 69 пайызға жетеді. Бұдан бөлек, аудандағы 48 шақырым топырақ жолға тас төсеу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандағы облыстық маңызды КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы мен көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Еске сала кетсек, наурыз айында жауын салдарынан аудандағы КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы бойындағы көпірді су шайып, өтпелі плиталары опырылып құлаған. «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан уақытша айналма жол ұйымдастырылып, көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға 5 техника мен 10 жұмысшы жұмылдырылған.

Айта кетсек, ауданда 105 шақырымды құрайтын республикалық, 326 шақырымдық облыстық, 119,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызды автомобиль жолдары бар.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...