Сауран ауданында төрт спорт кешені салынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданында төрт спорт кешені салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы мақсатта бүгін аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ауданға инвестиция тарту мәселесі бойынша инвесторлармен кездесті.

Кездесу барысында инвесторлар Жаңа Иқан, Шаға, Иассы, Ораңғай ауылдық округтерінде 4 спорт кешені салынатындығын айтты. Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті спорт саласының мамандары жұмыспен қамтылып, жастарды спортқа баулуға өз септігін тигізеді. Аудан бойынша жалпы жеке меншік салынған 7 спорт кешендер бар. Аталған нысандарда 7 мың 918 бала жаттығады.

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...