Сауран ауданында 200 орындық оңалту орталығы іске қосылады

“Amanat” партиясының облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбеталиев 200 орындық оңалту орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталмыш нысан Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде орналасқан,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық ересек мүгедектігі бар адамдарға арналған кешенді психологиялық — медициналық көмек көрсететін ұйымдарының бірі болып табылады. Мұнда мүгедектерді оңалту және бейімдеу жүйесін жасап, оларды қоғамға әлеуметтендіру, мүгедектерге жан-жақты әлеуметтік-медициналық, психологиялық және еңбекке баулумен оңалту көмектері көрсетіледі.

2021 жылы құрылысы басталған нысанның мердігері – «Шымкент Құрылыс» ЖШС-гі. Орталықтың жалпы аумағы – 12,7 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ блоктардан тұратын нысанда сауықтыру-жүзу бассейні, спорт залы, 3 қабатты емдеу корпусы, ас блогы, 3 қабатты стационар бар.

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева нысанды танысту барысында кешенді оңалту өмірді ұзартпайды, ол науқас пен оның жақындарының өмір сапасын жақсартатындығын айтты. Сонымен қатар, адам оңалту орталығы мамандарының бақылауымен қалпына келетін болса, оның белсенді өмірге оралу ықтималдығы еселеп артатындығын жеткізді.

Мекемеде әртүрлі саладағы өз ісінің жоғары білікті мамандары қызмет атқаратын болады. Мамандар ұжымы емалушыларға жағдайын бірлесіп талқылау нәтижесі бойынша түзету дамыту жұмысының бағытын анықтайды және түзету іс-шарасының жоғарғы нәтижесіне жету үшін жеке дамыту бағдарламасын құрады деп жоспарлауда.

Қазіргі таңда нысанда құрал жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс ағымдағы жылдың маусым айының соңында дейін аяқталып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының теңгеріміне беріледі деп күтілуде.

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...