Сауран құрылыс және коммуналдық салалар бойынша мәселелер қаралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран құрылыс және коммуналдық салалар бойынша мәселелер қаралды

Сауран ауданының мәдениет үйінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың қатысуымен бөлім басшыларының жыл басынан бері атқарған және алдағы жұмыс жоспарлары туралы есептері тыңдалды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала басшылары, 12 ауылдық округтерінің белсенділері мен тұрғындары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде аудан көлеміндегі өзекті мәселелер жол, коммуналдық және құрылыс салалары бойынша дербес бөлім басшылары тұрғындарға өздері тарапынан атқарып жатқан жұмыстарының есебін берді. Атап өтсек, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Тәукебаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабеков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Асылбек Қанағат, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұхтар Қуанышбаев, газ инспекциясы бөлімінің басшысы Кенже Жақсылықов баяндама жасады.

Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан жол, электр энергия, көше шамдарын орнату, көпір, ауыз су, аялдама, жол белгілерін қою, жол бойына камера орнату, жолдарды асфальттау тағыда басқа көптеген сұрақтар қойылып, мәселелер айтылды. Жиналыста тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы тиісті бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...