АЭС салу бойынша республикалық референдумның маңыздылығы талқыланды

Бүгін оқу ордамыздың қызметкерлері және студенттерімен Қазақстандағы АЭС салу туралы үлкен жиын болды.

Кездесуде Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің директоры А.Кенжалиев қонақтарды таныстырып, жиналыстың мақсатын хабарлады. Сөз барысында АЭС салу мәселесі бойынша пікірін жеткізді. Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғ.Сарсенбаев еліміздің энергетикалық дамуын арттыру жолында АЭС құрылысын салу аса қажет екендігін айтты. Түркістан қаласы депутаты Б.Абусейтов көрші Өзбекстан мемлекетінде де АЭС құрылысы салынып жатқандығын, бұл ел экономикасы дамуы үшін керекті мәселе екендігі туралы сөз қозғады.

Келесі сөз кезегін алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Саттарбек Бекбаев АЭС-ті салудың қоршаған ортаға еш зияны жоқ екендігін ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдегенін айта кетті. Сондай-ақ дамушы мемлекеттер АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбританияда т.б. бірнеше АЭС-ң қазіргі таңда жұмыс жасап тұрғандығын тілге тиек етті. АЭС артықшылығы тұрақты
әрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасыз ететіндігін айтты.

Ел экономикасын өркендету электр қуатына тікелей байланысты. Сондықтан АЭС салдырудың қажеттілігі, тиімділігі жайлы халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізген абзал. Еліміздің экономикасы дамып, халқымыздың әл-ауқаты жақсара берсін деген тілекпен іс-шара қорытындыланды.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...