Атом электр стансасы — кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді — Xnews — ақпарат агенттігі

Атом электр стансасы — кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді

Прагматикалық көзқараспен қарайтын болсақ, баламалы энергетика көздері сұранысты түгелдей қамти алады деп нық сеніммен айта алмаймыз.

Өйткені, табиғи жолмен қайта қалпына келетін энергия көздерінен қуат жинайтын жабдықтарды орналастырудың өзіндік тәртібі, техникалық шарттары бар. Мына жерге күннің сәулесі көп түседі немесе ана жерде жел қатты соғады деген қазақы долбармен қондырғыларды кез келген жерге қоя алмайсыз. Қоршаған ортаның жағдайы жабдықтың техникалық шарттарына сәйкес келмесе, қуаттың өндірілуі көздегеніміздей болмайды. Оған біздегі құбылмалы ауа райын, климаттың ерекшелігін, экологиялық ахуалды қоссаңыз, мәселенің ар жағы өзінен-өзі түсінікті бола кетеді. Бұл мәселеге алдымен ғылыми ізденістер жүргізу, қолданбалы тәжірибелерді енгізу, зерттеу-зерделеуді іске асыру тұрғысынан қарауымыз қажет.

Шынында да біз неден қорқамыз? Атом электр стансасы бізге энергия импортына тәуелділікті жойып, кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірісте жаңа жұмыс орындары ашылады. Тариф арзандап, өнімнің өзіндік құны төмендейді. Бір сөзбен айтқанда, халықтың табысы артады. Біздің көздегеніміз де осы емес пе?! Естіп жүргеніміздей, көп адамдар ядролық жарылысты атом электр стансасымен шатастырып жатады. Әрине, жұрттың бәрі маман емес, қоғамда әртүрлі пікірлердің болуы заңдылық. Бұл мәселені ғалымдардың еншісіне, халықтың өзіне қалдырғанымыз жөн. «Көз – қорқақ, қол – батыр» демекші, бізге қазір ауызбіршілік ауадай қажет. Биылғы Жолдау нақты мақсаттарды орындауға жетелейтін баспалдақ іспетті. Іргетасы пен баспалдағы берік болса, Қазақстанның келешегі жарқын болмақ.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,
облыстық мәслихаттың депутаты, Түркістан облысының құрметті азаматы.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...