Ордабасы ауданында оңды істер жалғасын табады (видео)

Өткен жылы Ордабасы ауданында оңды істер өте көп орын алды. Соған орай жетістіктер де мол болды. Табысты істер барлық салада көрініс беріп, аудан халқы жылды тамаша қорытындылады. Аймақта дара шыққан ауданда биылғы жылы да жарқын істер қайтадан жалғасын таппақ.

Ордабасылықтар үшін өткен жыл өте мерекелі де, берекелі жыл болды. Соның негізінде аудан халқы тышқан жылын өте зор табыстармен шығарып салды. Өйткені, бұл жылда барлық салада өсу мен өркендеу анық байқалып, даму нәтижесі де жоғары болды. Әсіресе, ауданда құрылыс саласы қарқын алып, ауыл – елді көркейту, көріктендіру жұмыстары кең жүргізілді.

Арман Ысқақов — Ордабасы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Құрылыс жұмыстары тек шет аймақтарда ғанаемес, аудан орталығы Темірланда да қарқынды жүргізілді. Соның нәтижесінде елге қажет көптеген әлеуметтік нысандар бой көтерді. Солардың бірі 4 гектар аумақты алып жатқан «Самұрық» аллеясы деп аталатын арбат алаңы.

Мұхтар Атабек — тілші:
Ордабасылықтар үшін тағы бір тың жаңалық — ауданға кіре берістегі «Қарауыл төбе» аталатын мекенге мемлекеттік ту орнатылды. Бұл осы аймақтағы көптеген жарқын істердің бір көрінісі.

Әсет Әссәнди — Ордабасы ауданының құрметті азаматы:
Өткен жылы Ордабасы ауданы осындай ілкімді істерімен дара шықты. Ал мұндай жаңашылықтар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

© shymkenttv.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...