АЭС құрылысы жөніндегі қалалық штаб «Бірлік» алқабы тұрғындарымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан қалалық штабының өкілдері «Бірлік» алқабы тұрғындарымен сектор ғимаратында кездесу өткізді.

Кездесу барысында, Бірлік секторының тұрғындарына «Бірлік» сектор меңгерушісі Т.Абдувалиев, №7 С.Ерубаев атындағы мектебінің Физика пәні мұғалімі Қарабалаева Арайлым, Е.Иззатуллаев мектебінің Физака-Математика пәні мұғалімі болған, қазіргі таңда зейнеткер облыс ақсақалдар мүшесі Х.Шерметов, Түркістан қаласының ақсақалдар мен билер алқасының тораға орынбасары Қ.Сүлейменов көпшілікке АЭС-тің пайдалы тұстарын айтып, алдағы уақытта құрылыс қолдау тапқан жағдайда қандай өзгерістер орын алатынын жете түсіндірді.

Штаб мүшелері бүгінде еліміз жан-жақты дамып, түрлі салада тың бастамалардың іске асырылып, зауыттар, фабрикалар, кәсіпорындар мен өндіріс аймақтарының көптеп құрылып жатқанын жеткізді. «Тиісінше мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар саны азайып, кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандардың тұрмысы түзелуде. Алайда, қазір әлем халқы болашақта орын алуы ықтимал энергия тапшылығына алаңдаулы. Ал ол проблеманың алдын алудың ең тиімді жолы атом электр станцияларын салу болып отыр.

Осыған дейін АЭС-тер әлемнің алпауыт, экономикасы қарыштап дамыған елдерінде салынса, бүгінгі таңда тағы да отыздан аса ел шешім қабылдап, тиісті жұмыстарды бастап кетті. Себебі, мұндай станция кез келген елді келешектегі энергетика тапшылығынан құтқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған бастаманы көтеруі де осыған тікелей байланысты. Бірақ, Президентіміз өз бетінше шешім қабылдамай, 6 қазан күні референдум өткізу туралы Жарлық қабылдады. Бұл деген «таңдауды халық жасасын» деген сөз, — деді халық қалаулысы.

Жүздесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарына жауап алды. Штаб мүшелері референдум барысындағы әрбір таңдау ел болашағы үшін маңызды екенін айтып өтті.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...