Сауранда «Түркістан-Қарнақ» бағытындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Сауран ауданына қарасты «Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолының 7,8 шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары басталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, көпір құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер мекеме «Сервис НС» ЖШС арасындағы келісім-шарт негізінде орындалуда. Көпірдің ұзындығы – 72 метр, ені 9 метр.

Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ескі көпір бұзылып, 72 дана темір бетон қадасы қағылады. Сондай-ақ, ауыр жүк көліктеріне арналған арнайы темір бетон плита орнатылады. Бұдан бөлек, қоршау жұмыстары мен асфальт жабындылары төселеді. Қазіргі таңда ескі көпір бұзылып, 820 метр айналма жолы салынған.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...