Сауран: Жол құрылысының сапасы бақылауда

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров “Бабайқорған-Абай” елді мекендерінің арасындағы аудандық маңызы бар жолына жүргізіп жатқан асфальт төсеу жұмыстарының сапасын бақылады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдады. Аталмыш аймақтың 9 шақырым автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш аймақта асфальт жабындысының қалыңдығы нормаға сәйкес еместігі анықталған болатын. Мердігер мекеме кемшілік анықталған асфальт жабындыларын қырып, қайта асфальт салу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, аудан әкімі мердігер мекеме басшылығына асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын ескертті. Техникалық талаптарға сай әрі уақытылы аяқталуына баса назар аудару қажеттілігін айтты. Нысанды тексеру аяқталғаннан соң, аудан әкімі жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековке жөндеу жұмыстарын жеке бақылауға алуды тапсырды.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...