Сауран: Оранғай елді мекенін газбен қамту жұмыстары басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Оранғай елді мекенін газбен қамту жұмыстары басталды

Түркістан облысы әкіміның тапсырмасына сәйкес, аудан халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірімзде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрап отыр. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған.

Бүгін Оранғай елді мекенін газбен қамту бағытында құрылыс жұмыстары басталды. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Ауыл тұрғындары шынайы ризашылығын айтып, Мемлекет және облыс басшылығына алғыстарын білдірді. Қыркүйек айында басталған газ құбырын жүргізу құрылысы 2025 жылдың қараша айында аяқталу жоспарланған. Жалпы ұзындығы 97 шақырымды құрайды. Жұмыстар толық аяқталғанда 2188 абонент газбен қамтылады. Аталмыш жұмыстарды мердігер мекеме «KZ Invest Constuction» ЖШС атқарады. Ал, техникалық қадағалаушы «Инжиниринг Сервис Групп» ЖШС.

Алдағы уақыта газбен қамту бойынша Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...