Тұрғындар мәселесіне назар аударылды

Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекенінде «Ескі Шобанақ» арығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысын аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев және тиісті сала басшылары барып, қадағалады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған арықтың «ПК144-70», «ПК132-97» және «ПК153-84» нысандарына, 1/1 метрлік шлюздер орнатылған. Көктемгі жауын шашын мен топан сулар келген кезде, су деңгейі 3 куб, метр/секунтына толып, орнатылған шлюздерге ағын су сыймай, арнадан асып, келеңсіз жағдайлар туындататыны жасырын емес.

Осыған орай, елді мекен тұрғындарының сұранысы 1/1 метрлік шлюздердің орнына, 2/1 метрлік шлюздер орнатуды, сонымен қатар «ПК156-10» нысанның тұсына көпір қоюға сұраныс білдірді. Алдағы уақытта тұрғындарының сұранысы қанағаттандырылып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...