Сауранда “Жасыл ел” жастар жасағының алғашқы еңбек маусымы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда “Жасыл ел” жастар жасағының алғашқы еңбек маусымы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны Сауран ауданында тұрақты жүргізіліп келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін осы шара аясында ауданда «Жасыл ел» жастар жасағының алғашқы еңбек маусымы басталды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаты Абдурашид Жүсіпов, ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, Оранғай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бақтияр Бекназаров сөз сөйлеп, «Жасыл ел» жастар жасағының алғашқы маусымының ашылуымен құттықтап, жастарға ауданның гүлденуіне, көркейуіне, тазалығына үлес қосуға шақырды.

Сенбілік барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров “Жасыл ел” еңбек жасағының жастарымен кездесіп, олармен тілдесті. Аудан көлемінде жасақталған жастар жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері. Аудан әкімі “Жастар орталығының” директоры Айгерім Дүйсенбековаға жастардың қауіпсіздігін ұдайы назарға алып, қамтамасыз етуді тапсырды.

Бүгінгі таңда жастар — халықтың үлкен әлеуметтік тобы. Қазақстан қоғамының болашағын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Ауданда алғаш рет жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы Қазақстан азаматтарын қоршаған ортаны бағалауға, олардың дүниетанымын, мәдениетін дамытуға және табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мұндағы мақсат – жастардың жазғы демалыста бос жатпай, еңбек етіп, жалақы табу ғана емес, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы да маңызды қадам болып табылады.

Аталған бағдарлама аясында жалпы 90 жасты қамту көзделген. Ай сайын 45 жастан 2 маусымға бөлініп, жұмыс жүргізіледі. Жұмыс барысында жастар бағдарламаға арналған арнайы киімдер (футболка, бейсболка, қолғап) және құрал жабдықтармен қамтылады. Одан бөлек, жазғы демалыс уақытында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жасағының жастарына оқыту шаралары, кездесулер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...