Сауранда “Жасыл ел” жастар еңбек жасағы жұмысын бастады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда “Жасыл ел” жастар еңбек жасағы жұмысын бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде “Таза Қазақстан” экологиялық науқаны Сауран ауданында тұрақты жүргізіліп келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін осы шара аясында ауданда “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының алғашқы маусымы басталды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаты Абдурашид Жүсіпов, ауданның бас имамы Бауыржан Ақауов, Оранғай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бақтияр Бекназаров сөз сөйлеп, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының алғашқы маусымының ашылуымен құттықтап, жастарға ауданның гүлденуі мен тазалығына үлес қосуға шақырды.

Аталған бағдарлама аясында ауданда жалпы 90 жасты қамту көзделген. Ай сайын 45 жастан 2 маусымға бөлініп, жұмыс жүргізіледі. Жұмыс барысында жастар бағдарламаға арналған арнайы киімдер (футболка, бейсболка, қолғап) және құрал-жабдықтармен қамтылады. Одан бөлек, жазғы демалыс уақытында оқыту шаралары, кездесулер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...