Сауранда іскер әйелдердің кезекті форумы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда іскер әйелдердің кезекті форумы өтті

Бүгін Жүйнек ауылдық округінде Сауран ауданында құрылған іскер әйелдер қауымдастығының кезекті форумы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Инара Намазбаева, Шымкент қаласынан арнайы келген кәсіпкер Құралай Бекенова, Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дильноза Умарова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығынан бірқатар делегация өкілдері мен аудандық әжелер, аналар алқасы, 12 ауылдық округтерінен келген кәсіпкер әйелдер қатысты.

Форумның мақсаты аудандағы өз кәсібін дөңгелетіп жүрген қарапайым әйелдердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби сауаттылығын арттыру, қоғамда жеке кәсібін бастап жүрген жас әйелдерге үлгі болу және ынталандыру болып табылады. Шара барысында Жүйнек ауылдық округінің тұрғындарынан құралған «Дилшод» ансамбілінің концерті, сонымен қатар, ауылдық округтерден келген кәсіпкерлердің шығарған өнімдерінің көрмелері тамашаланды.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев аудан көлемінде кәсіпкерлік саласында белсенді қызмет жасап жүрген қыз-келіншектері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Форумда облыстық іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелері Насиба Атаева, Ақмарал Әбдінабиева күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша баяндама жасады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...