Сауран әкімі Жастар орталығының 3 жылдық шарасына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран әкімі Жастар орталығының 3 жылдық шарасына қатысты

Бүгін Шорнақ ауылдық округі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде аудандық Жастар ресурстық орталығының құрылғанына 3 жыл толуына орай, мерекелік шара болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова арнайы қатысты. Мерекелік шарада аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жастар ресурстық орталығының құрылғанына 3 жыл толуымен құттықтап, бір топ белсенді жастарды алғыс хатмен марапаттады.

“Жастар ресурстық орталығы 2021 жылдың 12 шілде күні Әділет басқармасында заңды түрде тіркелген. Яғни бұл күні «Сауран жастары» күні деп айтсақ болады. Ел болашағын, Отанымыздың мәртебесін, қоғамның жарқын бейнесін қалыптастырушы ұлтжанды жастарды қашанда қолдаймыз. Жастар аудан көлемінде көптеген маңызы бар іс-шараларды атқарып, ауданның дамуы, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жастардың бойынан тың идеяларын тыңдап, оларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірмін. Сондықтан қоғамда «Жастар — қоғамның қозғаушы күші» екенін айтқым келеді. Ауданның Жастар ресурстық орталығының белсенді жастары қашанда игілікті істің басы қасынан табылып, ауданның өркендеуіне атсалысады деп сенім білдіремін”, — деді Мақсат Асылбекұлы.

Сонымен бірге, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов құттықтау сөз сөйлеп, жастарды алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шараның көркін «Достық» ансамблінің концерттік бағдарламасы көптің көңілін бір серпілтіп тастады.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастыруда. Жастар ресурстық орталығы жастармен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Орталық аудан жастарын көптеп тарта отырып, оларды патриоттық рухқа тәрбиелеу, имандылыққа баулу бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның арқасында жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа баулу, олардың рухани мәдениеттерін арттыру сияқты мұратты істерде бірқатар жетістіктерге жетіп келеді.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...