«Өмірге құштар жандар» атты зағип жандар арасында сайыс өтті

Ағымдағы жылғы 16 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде зағип жандар арасында спорттың 4 түрінен (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күрес) ауданаралық жарыс өтті.

Шараға «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран ауданы бойынша өкілі Г.Исабекова және қоғамдық ұйым төрағалары қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Өмірге құштар жандар» деп аталатын іс-шараға Түркістан, Сауран, Кентау қалаларынан 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып жатыр.

Мұндағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірде өз орны бар екенін ұғындырып, спортқа бейімдеу. Қандай сала болсын, биік дәрежеге жеткізу.

Аталған шара «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық өкілдігінің ұйымдастыруымен және аудан әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Айналаны бір сәтке болса да көру – зағип жандар үшін баға жетпес арман. Зағип жандар тағдырдың маңдайға жазуына орай жанардан айырылды. Бірақ, соған қарамастан өмірдің қиындықтарына мойымай, ел қатарлы өмір сүріп жатыр.

Ауданда «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық бастауыш ұйымының 110-нан астам мүшесі бар.

Дереккөз: «Сауран Газет«

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...